Автобус жүргізушілерін тексеру күшейтілді: Жұмыстан кімдер шеттетіледі?

Фото: Астана әкімдігі

ЖАҢАЛЫҚТАР
722

Қазақстанда қоғамдық көлік маршруттарына қызмет көрсететін тасымалдаушылар жүргізушілерді іріктеу талаптарын күшейтілген, деп хабарлайды MadeniPortal.kz baq.kz-ке сілтеме жасап. 

Қаланың Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының мәліметінше, Қазақстанда қоғамдық көлік маршруттарына қызмет көрсететін тасымалдаушылар жүргізушілерді іріктеу талаптарын күшейтілген.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, маршруттарға қызмет көрсететін тасымалдаушылар конкурстық негізде анықталады. Конкурс барысында компаниялар құжаттар топтамасын, соның ішінде жүргізушілердің тиісті санаттағы көлік құралдарын басқару құқығын растайтын құжаттарды ұсынады.

Алайда жүргізушілердің наркологиялық немесе психиатриялық есепте тұру-тұрмауын тексеру тасымалдаушылардың өз жауапкершілігінде. Бұл еңбек шарты аясында жүзеге асырылады. 

Тасымалдаушылардың мәліметінше, анықталған фактілерден кейін бірқатар жүргізуші автобус басқарудан шеттетілген. Басқарма қанша қызметкер шеттетілгенін нақтыламады. Сондай-ақ жұмысқа қабылдау кезінде бақылау күшейтіліп, тексеру шаралары қатаңдатылған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...