Енді ажырасқан еркек әйеліне үй алып беруге міндетті – заң қабылданды

Фото: Pibig.info

ЖАҢАЛЫҚТАР
2361

Өзбекстан Сенаты ажырасқаннан кейін ер азаматтарды бұрынғы әйелдерін баспанамен қамтамасыз етуге міндеттейтін заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Дереккөздің мәліметінше, егер бұрынғы күйеуінің жеке тұрғын үйі болса, ол экс-жұбайына тұруға жарамды баспана ұсынуға тиіс. Ал егер оның меншігінде жылжымайтын мүлік болмаса, әйелге жалдамалы тұрғын үйдің ақысын төлеуге міндеттеледі.

Аталған заң ажырасқан әйелдерді әлеуметтік тұрғыда қорғауға бағытталған. Бұған дейін көптеген әйелдер ажырасқан соң баспанасыз қалып келген. Заң шығарушылар бұл шешімді елдегі гендерлік теңдікті нығайту жолындағы маңызды қадам ретінде бағалап отыр.

Сонымен қатар тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына қатысты тағы бір маңызды өзгеріс енгізілді. Енді мұндай жағдайда міндетті татуластыру (медиация) рәсімі алынып тасталды. Бұл жәбірленушілерге ажырасу процесін жеңілдетіп, құқықтарын қорғауға қолжетімділікті арттырмақ. 

PESTEL

Үндістанда 12 жастағы оқушы қыз сабаққа кешіккені үшін мұғалімнің тапсырмасымен 100 рет отырып-тұрға...

PESTEL

Жизақта 18 жастағы қыз танысын жезөкшелікпен айналысу мақсатында Таиландқа жіберуді ұйымдастырмақ бо...