Айсауле Бақытбектің енесі Құрылтай депутаттығына кандидат атанды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
286

Белгілі дәрігер-онколог, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің бірінші проректоры Диляра Қайдарова Құрылтай депутаттығына кандидат ретінде ұсынылды, деп хабарлады MadeniPortal.kz. 

Оның кандидатурасын "Әділет" саяси партиясы ұсынған. Диляра Қайдарованың есімі партия бекіткен 186 үміткерден тұратын тізімге енді.

Диляра Қайдарова – медицина ғылымдарының докторы, профессор және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының академигі. Қазіргі уақытта ол ҚазҰМУ-дың бірінші проректоры қызметін атқарады.

Бұған дейін дәрігер Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтын басқарған.

Айта кетейік, Диляра Қайдарова – продюсер Баян Алагөзованың құдағиы. Оның ұлы Әлішер Қайдаров пен Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбек 2019 жылы шаңырақ көтерген.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әнші Меруерт Түсіпбаева шығармашылық мамандық иелері мен блогерлердің Парламентте болуына қарсы екен...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Солтүстік Қазақстан облысында тұрмыстық жанжал қайғылы жағдаймен аяқталды. Есіл ауданындағы елді мек...