Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында мектеп және колледж бітіруші түлектер үшін &la...
Енді елде қандай жастар оқуға ҰБТ тапсырмай түсіп, 5 млн теңге сыйақы алады?
Фото: Фейсбук @askhat Aimagambetov
Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында жақсы жаңалықпен бөлісті. Енді халықаралық ғылыми жарыстардың жеңімпаздары кез келген университетке грантпен түсе алады, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Оның айтуынша, депутаттар 2021 жылы халықаралық ғылыми жарыстардың жеңімпаздарын қолдауды енгізу туралы норманы келісу процедурасынан өткізе алмаған. Аймағамбетов әлемдік робототехника чемпионаттарында және басқа да ғылыми байқауларда жеңіске жеткен балалардың неге осындай қолдау алмайтынына ашынған.
"Өткен жыл бұл олқылықты түзетуге арналған тағы бір мүмкіндік болды. Біз халықаралық ғылыми жарыстардың жеңімпаздарын қолдауды қарастыратын түзету енгізуді ұсындық, бірақ ол кезде үкімет бұл бастаманы қолдамады. Әр мәселені қайта қарап, тағы бір рет талқыладық, және, ақырында, біздің түзету ішінара мақұлданып, үкімет оң қорытынды берді. Мажілісте заң жобасын талқылау бойынша жұмыс тобының отырысында бұл бастама үшін дауыс берілді”, - дейді ол.
Енді халықаралық ғылыми жарыстардың жеңімпаздары ҰБТ тапсырмай-ақ еліміздегі кез келген университетке грантпен түсе алады. Сонымен қатар балалар ақшалай сыйақы да алады. Асхат Аймағамбетов жеңімпаздардың 5 миллион теңгеге дейінгі сыйақы алуын да қарастыру керегін айтты.