Асанәлі Әшімовтің отбасында тағы бір қаза болды

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
943

Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовтің жары Бағдат Әшімова отбасындағы ауыр қазаны мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бағдат Әшімова әлеуметтік желідегі парақшасында марқұм Сағидың жары, екі немеренің анасы Селимханның өмірден өткенін жазды.

"Асылымнан айырылып, көз жасымызды тыя алмай, жүрегіміз жадап отырған шақта тағы бір қайғы шаңырағымызды торлады. Сағидың жары, екі немереміздің анасы Селимхан дүниеден өтті. Ансарым мен Майрамның көз жасын сүртіп, қайғыда қастарында болу, өмірдің жалғасатынын түсіндіру оңай емес. Алла енді жылатпасын… Селимхан келініміздің жатқан жері жұмақтың төрі болсын", – деп жазды ол.

Без категории

Алматы Мемлекеттік Академиялық қуыршақ театрында көптен бері тоқтап қалған «Ромео мен Джульетт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында ұшқышсыз ұшу аппаратына тиесілі болуы мүмкін сынықтар табылды, деп хабарлады Madeni...