Ұлттық құрылтай мүшесі, белгілі экономист Жақсыбек Құлекеев Үкіметтің салық және бюджет саясатына қа...
Енді жалғызбасты ата-ананы жұмыстан шығаруға тыйым салынады
Фото: Pixabay
Міндетті түрде еңбек шартын жасасу керек, деп хабарлайды MadeniPortal.kz naryk.kz-ке сілтеме жасап.
Сенат "Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады.
Құжат жұмыс берушілерге де, қызметкерлерге де қатысты бірнеше маңызды өзгерістер енгізеді.
Негізгі жаңалықтардың бірі – азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттарды (АҚШ) іс жүзінде еңбек қатынасы ретінде қолдануға тыйым салу. Яғни, егер қызметкер нақты лауазым бойынша жұмыс істесе, жұмысты өзі орындаса, компанияның ішкі тәртіптеріне бағынса және еңбегі үшін (нәтиже емес, процесс үшін) ақы алса, мұндай қатынастар міндетті түрде еңбек шарты арқылы рәсімделуі тиіс.
Тағы бір маңызды норма әлеуметтік қорғауға қатысты. Заң 14 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған жалғызбасты ата-аналарды жұмыс берушінің бастамасымен жұмыстан шығаруға тыйым салады. Бұл шектеу штат қысқарту немесе өндіріс көлемінің төмендеуі жағдайларына да қолданылады.
Өзгерістер еңбек дауларын реттеу тәртібіне де әсер етті. Енді келісім комиссияларының жұмысына тәуелсіз делдал тартылуы мүмкін, бұл тараптар арасындағы дауларды объективті қарауға мүмкіндік береді.