Ер адам көңіл күйі болмағандықтан бейтаныс қызды ұрып, кетіп қалған

Фото: әлеуметтік желіден

ЖАҢАЛЫҚТАР
96

Алматыда бейтаныс жігіттен таяқ жеп қалған қыздың жазбасы желіде қызу иалқылануда. Қалалық полиция департаменті бұл жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Altynkhanova01 деген қолданушы желідегі парақшасында жазбасына қолдау көрсетуін сұрады. Айтуынша, бейтаныс жігіт оны ұрып, қашып кеткен.

"Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 22-үй маңында, CU-дың жанынан өтіп бара жатқанмын. Мына жігіт мені қатты ұрып, қашып кетті. Мұны бір әйел көріп, арыз жазу керегін айтты. Мұны көрген жігіт қайта келіп "Көңіл-күйім болмады, ашуымды біреуден алуым керек болды” деген. Содан кейін артымнан қалмай еріп жүріп, суретін өшіруімді сұрады. Егер өшірсем, ақша беретінін айтты. Жылап, аялдамаға қарай кеттім, өйткені ол менің артымнан ере берді”, – деп жазды ол.

Аялдамада әйел қыздан “көмек керек пе” деп сұраған. Болған жағдайды баяндаған соң ол полиция шақыруды ұсынған. Алайда әлгі жігіт қашып кеткен. 

Бұл жазбаға Алматы қаласы полиция департаменті пікір білдірді.

"Аталған дерек Бостандық аудандық полиция басқармасында тіркелді. Қазір полиция қызметкерлері құқық бұзушының жеке басын анықтауға және болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр", – деп жауап берді полиция департаменті. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы қаласы Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушылары тауда адасып қалған төрт қы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2029 жылғы президент сайлауына қатысу мүмкіндігіне қатысты...