Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтарға ведомство басшылығы атынан мессенджерлер арқылы жібе...
Тоқаев қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби сумо шеберін "Барыс" орденімен марапаттады
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы сумо спортының отаны Жапонияда зор жетістікке жеткен қазақстандық балуан Ерсін Балтағұлмен кездесті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Президент спортшыны былтыр Император кубогында "маэгашира" атағын, яғни сумо балуандарының ең жоғары дәрежесін иеленуімен және жарыс қорытындысы бойынша "Канто-се" (жауынгерлік рух) арнайы жүлдесін алуымен құттықтады.
Қасым-Жомарт Тоқаев аталған жүлде табандылық пен қажырлы еңбектің жемісі екеніне тоқталды.
Сонымен қатар бүгінде шет мемлекеттерде елімізді әлемге танытып жүрген жастарымыздың көбейіп келе жатқанын, мемлекеттің таланттар мен спортты қолдауға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті.
"Жапонияға барған сапарымда сізді императордан бастап қарапайым халыққа дейін бәрі танитынын, құрметтейтінін байқадым. Бұл – зор мәртебе. Жапонияда тұрсаңыз да қазақтың атын шығарып, еліміздің беделін биіктетіп жүрсіз. Сізге ерекше ризашылығымды білдіремін", - деді мемлекет басшысы.