Ер адам құтқарушылардың көзінше 5-қабаттан секіріп кетті

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
1039

Таразда ер адам  құтқарушылардың көзінше 5-қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оқиға нақтырақ Таразда Ұлы Дала шағынауданында болған. Көршілерінің сөзінше, 51 жастағы ер адам психоневрологиялық есепте тұрған.  

Дәрігерлер оқиға орнына жеткенде ер адам 5-қабаттағы пәтерінде қамалып отырған. Кейін полиция мен құтқарушылар келген. Олардың сөзіне ер адам ашумен жауап беріп, есік ашпай қойған. Сосын құтқарушылар автосатының көмегімен балкон арқылы пәтерге кірмек болған. Ал төмендегілер қауіпсіздік үшін арнайы төсеніш жайған. 

Алайда мамандар балконға көтерілген кезде ер адам төменге секіріп кеткен. Құтқарушылар оны ұстап үлгерген. Десе де ер адам бар салмағымен құлаған. Салдарынан ол бас-мидың ашық жарақатын, ми жарақатын алып, мойын омыртқалары сынған. Осылайша ер адам оқиға орнында көз жұмды. 

Оқиғаның себебі анықталып жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ресейдің Еврей автономиялық облысында шағын автобус пен пойыз соқтығысып, алты адам көз жұмды, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде өмірден өткен досына арналған көңіл айту жазбасы жарияланды. Жазбаны Нұрсұлтан Оры...