Ерлан Қарин Вице-президент болып тағайындалды

Ақорда

ЖАҢАЛЫҚТАР
165

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Вице-Президент болып Ерлан Тынымбайұлы Қарин тағайындалды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасының Вице-Президенті болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Ерлан Қарин 1996 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетін «тарих және география пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын Ақтөбе университетінде оқытушы болып бастаған. Сондай-ақ «Ақтөбе университеті» газетінің бас редакторы, «Диапазон» және «Время» басылымдарында саяси шолушы қызметін атқарған.

2000-2003 жылдары Орталық Азия саяси зерттеулер агенттігін басқарды. 2004-2006 жылдары Халықаралық заманауи саясат институтының бас директоры, Антитеррористік бағдарламалар орталығының директоры болды.

2006 жылдан бастап Маңғыстау облысы әкімінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі қызметін атқарды. 2008 жылы Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болды. 2008-2013 жылдары «Нұр Отан» партиясының хатшысы қызметін атқарды.

2014-2017 жылдары Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры болды.

Кейінгі жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, Мемлекеттік хатшы және Мемлекеттік кеңесші қызметтерін атқарды. 2026 жылғы 30 маусымда Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ләззат Танысбай "Хабар" агенттігі" АҚ басқарма төрайымы болып тағайындалды. Бұл туралы Мәдениет жә...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтауда Каспий теңізінде серуендеу катерінің жартасқа соғылуы салдарынан екі адам қаза тауып, бес ад...