Астанада автобуста балағат сөз айтқан ер адам 15 тәулікке қамалды

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
662

Астанада автобуста балағат сөз айтқан ер адам 15 тәулікке қамалды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қоғамдық тәртіпті бұзған ер адамның видеосына полиция назар аударды. 

Ер адам балағат сөздер айтып, агрессивті әрекет көрсеткен. Бұл қоғамдық көліктегі басқа адамдардың тыныштығын бұзып, қолайсыз жағдай тудырған. Автобусқа мінген бір адамның түсірген видеосы желіде тарап, тәртіп бұзған адам ұсталды. 

Полицейлер анықтауы бойынша азамат 51 жастағы тұрғын. Ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,  білім беру ісінің үздігі, профессор,  әнші-композ...

ТАРИХ

Әр адамның өмірбаяны болатын секілді, әрбір елдің де өз ғұмырбаяны бар. Әл-Фараби айтқандай, &laqu...