«Түскі ас ішкелі жатырмын»: Руслан Жақсылықовтың қамауға алынғаны жайлы ақпарат жалған болып шықты

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
3306

Желіде Қорғаныс министрі болған Руслан Жақсылықовтың қамауға алынғаны туралы ақпарат тарады. Ақпаратты экс-министр Tengrinews.kz сайтына берген жауабында жоққа шығарды, деп хабарлады madeniportal.kz.

Жақсылықов 2025 жылғы 8 маусымда Қорғаныс министрі қызметінен босатылған болатын. Ашық дереккөздерде жарияланған мәлімет бойынша, кейбір Telegram арналары 10 маусымда оның тергеуге алынғанын және Астана қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалғанын жарыса жазды. Алайда ақпарат жалған боп шықты.

- Бұл жалған, - деп хабарлады ол Tengrinews.kz тілшісіне телефон арқылы. Қазір ол Астанадағы үйінде отбасымен бірге түскі ас ішкелі жатқанын айтты. Сондай-ақ ол жалған ақпарат таратқандарға сотқа арыз түсіретінін ескертті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...