Олжас Абай маңызды мәлімдеме жасады

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
29

Актер Олжас Абай Алматыға келіп, кино саласындағы жұмысына кірісетінін айтты. Ол Instagram парақшасында алдағы жоспарын бөлісіп, подкасттарға қатысуға да дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Өнер иесінің сөзінше, Динараның шоуына қатысқаннан кейін ашық әңгімеге деген ықыласы артқан.

«Кешегі Динара ханымның шоуынан кейін кез келген подкаст әңгімеге дайынмын деп шештім, шақырыңдар», – деп жазды актер.

Сондай-ақ Олжас Абай тойына дейін көп жерде өнер көрсетуге құлықты болмағанын айтты. Алайда көпшіліктің қолдауы мен ақ тілегі оған әсер еткен.

«Енді халықтың батасы мен тілегі бетімді ашып жіберді. Мен сендердікімін, халқым», – деп түйіндеді ол.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жетісу облысында мас күйінде көлік жүргізген әйел сотқа жүктілігі туралы жалған анықтама берген. Құж...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада Есіл өзенінен ер адамның мәйіті табылды. Полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғады...