Ғалым Шойкин Ақмоланың Ішкі саясат басқармасына басшы болып тағайындалды

Жаңалықтар
1260

Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасына басшы болып Ғалым Шойкин тағайындалды, деп хабарлайды "Мәдениет порталы" өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 

Ғалым Нұрмағамбетұлы 1977 жылғы 1 қазанда туған. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін саясаттанушы мамандығы бойынша бітірген, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын мемлекеттік қызмет менеджері мамандығы бойынша тамамдаған. 

Н. Гумилев атындағы ЕҰУ оқытушысы болып жұмыс істеген, ҚР Мәдениет министрлігінің ақпараттық-талдау бөлімін, жастар ұйымдарымен жұмыс істеу бөлімін басқарған. 

2003-2009 жылдар аралығында ҚР Президенті Әкімшілігінің бас сарапшысы, әлеуметтік-саяси бөлімнің сектор меңгерушісі, ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі қызметтерін атқарған. 

2009-2012 жылдары «Нұр Отан» ХДП Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болды. 

2012-2014 жылдары ҚР Дін істері жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары, 2014-2016 жылдары ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері жөніндегі комитетінің төрағасы, 

2016-2017 жылдары ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері жөніндегі комитетінің төрағасы лауазымдарын атқарды.

 2017 жылдан бері Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің сектор меңгерушісі болып еңбек етті.

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...