Пәтерден 3 жыл бойы қараусыз қалған адамның мәйіті табылды

Фото: әлеумеиттік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
988

Полицияға пәтерден жағымсыз иіс шығып жатқаны туралы хабарлама түскеннен кейін қызметкерлер оқиға орнына барған. Есікті ашқан сәтте оларды адам шошырлық көрініс күтіп тұрған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Пәтер ішінен шамамен үш жыл бұрын қайтыс болған адамның сүйек қалдықтары, сондай-ақ бірнеше мысықтың сүйектері табылған. Ең таңғаларлығы – осы уақыт бойы үй ішінде радио тоқтаусыз жұмыс істеп тұрған. Оның қалай үш жыл бойы қосулы болғаны әзірге белгісіз.

Бұл оқиға тағы бір сұрақ туындатып отыр: адамның үш жыл бойы жоғалғанын ешкім байқамаған, ал көршілер де пәтерден шыққан мәйіт иісіне мән бермеген. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Чилиде ұшаққа найзағай түсіп, салон жарқ ете қалды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Антофагастадан...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 25 қазан – Республика күніне орай Қазақстан халқына құтты...