Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген биыл екінші рет Будапештте өткен 10-шы мерейтойлық Virtuosos жоб...
«iPhone-ы мен алтындарын сатып жіберген»: Мадинаның құрбысы күйеуіне қатысты мәлімдеме жасады
Ашық дереккөз
Меркіде қайтыс болған Мадинаның құрбысы Зейнеп оның тұрмысындағы қаржылық жағдайға қатысты бірқатар мәлімет айтты, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Бұл туралы ол CMN.KZ порталына сұхбат берген. Зейнептің сөзінше, Мадинаның күйеуі Мадияр оның анасынан 700 мың теңге қарыз алған. Құрбысы бұл қарызға қатысты түбіртектердің Мадинаның анасында сақтаулы екенін атап өтті.
«Мадияр Мадинаның анасынан 700 мың теңге қарыз алған. Тіпті анасында барлық чек сақтаулы. Сонымен қатар Мадинада iPhone 17 Pro Max болған. Мадияр оны сатып, ақшасын өзіне алып қойған. Мадинаның алтын әшекейлері де бар еді. Ол оның бәрін сатып, ақшасын өзіне алған. Мұның бәрін маған Мадинаның өзі айтқан болатын», — деді Зейнеп.
Оның айтуынша, Мадияр тұрақты жұмыс істемеген және отбасының негізгі қаржылық қажеттіліктерін Мадинаның анасы өтеген.
«Мадияр жұмыс істемейді, тек әйелінің ақшасына өмір сүрді. Мадина ауырғанда да дәрі-дәрмегіне ақша бермейтін. Ақшаны үнемі анасы жіберетін. Оның өзінде ақшаны біреулер арқылы салып жіберетін еді, себебі Мадинаның Kaspi шоты бұғаттаулы болатын. Тұрмысқа шықты деген аты болмаса, оны толықтай анасы қамтамасыз етіп отырған», — деді Мадинаның құрбысы.
Айта кетейік, бұл мәліметтер Мадинаның құрбысы Зейнептің айтуына негізделген. Аталған деректерге қатысты басқа тараптардың пікірі мен ресми мәліметтер болған жағдайда, оларды да ескерген жөн.