Ақтаудағы ұшақ апатынан тірі қалған бортсерік 1 жылдан кейін жұмысына қайта оралды

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
2298

Ақтау маңындағы AZAL әуе компаниясының ұшақ апатынан бір жыл өткен соң, апаттан аман қалған бортсерік Айдан Рагимли қайтадан өз қызметіне оралды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Sn.kz ақпарат порталына сілтеп.

Ол бүгінде де өз міндетін кәсіби деңгейде, үлкен жауапкершілікпен атқарып жүр.Бұл туралы AZAL әуе компаниясының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланған видеода хабарланды.

«Кейде сезімді сөзбен жеткізу мүмкін емес, бірақ өмір жолы жалғаса береді. J2-8243 Баку–Грозный рейсі Айдан Рагимлидің өмірінде мәңгілікке сақталатын ерекше сәт болды. Бүгінде ол бастан кешкенін жүрегінде сақтай отырып, өмірдің жалғасатынын түсініп, өз жұмысын бұрынғыдай мұқият әрі жауапкершілікпен атқаруға кірісті», - делінген бейнеролик сипаттамасында.

Еске салайық, әуе апаты 2024 жылдың 25 желтоқсанында Ақтау қаласы маңында болды. AZAL әуе компаниясының Баку–Грозный бағытындағы жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде экипаждың бес мүшесі болған. Қайғылы оқиға салдарынан 38 адам қаза тауып, 29 жолаушы аман қалды.

MADENI TV

Жаңа адамдар жастар қозғалысының белсенді өкілдері подкастта Ержан Райхановпен ашық әрі шынайы әңгім...

MADENI TV

Осы күні Жерге ең жақын үш ғаламшар — Меркурий, Венера және Марс  Күнге барынша жақындап,...