Иракта қаза тапқан қазақстандық бітімгерге ескерткіш қойылды

Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

ЖАҢАЛЫҚТАР
1425

Алматы облысында Ирактағы бітімгершілік миссия кезінде ерлікпен қаза тапқан капитан Қайрат Құдабаевқа арналған ескерткіш ашылды. Монумент ҚР Қорғаныс министрлігінің «Бітімгер» оқу-жаттығу орталығының аумағына орнатылғанын Қорғаныс министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Қайрат Құдабаев – Қазақстан Қарулы күштерінің Ирактағы бітімгерлік миссиясы кезінде көз жұмған жалғыз әскери қызметшісі. 2005 жылдың 9 қаңтарында Васит провинциясында оқ-дәрілерді эвакуациялау операциясы кезінде болған жарылыс салдарынан капитан Құдабаев өзі қаза болып, бірнеше сарбаздың өмірін сақтап қалған.

«Көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін ол қайтыс болғаннан кейін I дәрежелі «Айбын» орденімен және бірнеше халықаралық марапаттармен марапатталды», – делінген Қорғаныс министрлігі таратқан хабарламада. 

  • Іс-шара Қорғаныс министрлігінің Бітімгершілік операциялар орталығында өтті
  • Салтанатты жиында сарбаздың туыстары мен әскери әріптестері жиналды
  • Батыр рухына тағзым етіліп, бір минут үнсіздік жарияланды
  • Қатысушылар ескерткішке гүл шоқтарын қойды. 

«Кайраттың қазасына тура 20 жыл толды. Біз оның жарқын бейнесін, мейірімділігін, айналасына шапағат шашып жүретін қасиетін ешқашан ұмытпаймыз. Бұл – біздің бүкіл отбасы үшін ауыр сынақ болды, әсіресе анамыз үшін», – дейді бауыры Бауыржан Құдабаев. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үлкен Алматы шыңында 3680 метр биіктікте 2005–2006 жылы туған үш жас таудан өздігінен түсе алм...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...