Facebook компаниясы әлеуметтік желісінің жаңа дизайнын ұсынды. Бұл дизайн FB5 деп аталады, деп жазад...
Екі рет егіз босанған ана үшемді дүниеге әкелді
Фото: freepik
111
Шымкентте көпбалалы ана үшем дүниеге әкелді. Айта кетейік, ана бұған дейін екі рет егіз босанған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Үшемнің дүниеге келуімен отбасындағы бала саны онға жетті.
Үшемнің екеуі – қыз, біреуі – ұл. Ата-анасы нәрестелерге Альсия, Сафия және Аймұхаммед есімдерін берген.
Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, мерзімінен бұрын туған сәбилер алғашқы күндерінен бастап ем қабылдап, дәрігерлердің тұрақты бақылауында болған. Қазіргі уақытта үшемнің жағдайы қанағаттанарлық. Салмақтары екі келіден асып, медициналық көрсеткіштерге сәйкес үйіне шығуға дайындалып жатыр.