Талғарда болған оқиға кезінде мылтықты кім бергені белгілі болды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ....
Жаңаөзеннің бұрынғы әкіміне қатысты тергеу басталды
Фото: freepik
26
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкімі Жансейіт Қайнарбаевқа қатысты тергеу басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде экс-әкімнің ұсталғаны және оның адам ұрлау ісіне қатысы болуы мүмкін екені туралы ақпарат тараған. Алайда ҰҚК оның ұсталғаны туралы мәліметті растаған жоқ. Сондай-ақ тергеудің нақты қандай негізде басталғаны жарияланбады.
Жансейіт Қайнарбаев 2024 жылдың ақпанынан 2026 жылдың қыркүйегіне дейін Жаңаөзен қаласының әкімі қызметін атқарды. Кейін Маңғыстау облысы Қарақия ауданының әкімі болып тағайындалды.