«Хакер Атырау» ісі: 13 миллион теңге жымқырды деп айыпталған адам сотта жауап берді

Фото: ЖИ/ MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
218

Әлеуметтік желіде «Хакер Атырау» деген атпен танылған Нұрлан Жаңбырбаевқа қатысты сот талқылауы жалғасып жатыр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Ол 12 адамға жалпы сомасы 13 миллион теңге көлемінде материалдық шығын келтірді деген айыппен сот алдында жауап беруде.

32 жастағы Нұрлан Жаңбырбаевқа алаяқтықтың 12 эпизоды бойынша айып тағылған. Тергеу мәліметінше, оның әрекетінен 12 азамат зардап шеккен.

Сот барысында айыпталушы жәбірленушілердің тоғызымен есеп айырысып, олардың қаражатын қайтарғанын айтты. Сондай-ақ қалған шамамен 4 миллион теңгені де өтеуге дайын екенін жеткізді.

Дегенмен ол өзіне тағылған айыпты толық мойындамай отыр. Жаңбырбаевтың сөзінше, ол азаматтардың ақшасын алаяқтық жолмен иемденбеген.

Шоу-бизнес

Қазақстандық актер Аян Өтепберген Испанияда өткен халықаралық кинофестивальде “Үздік актер&rdq...

СПОРТ

Алматыда 955 мың тұрғын спортпен тұрақты айналысады. Қаладағы тегін жобалар, марафондар мен өзге де...