Шымкентте жанжал кезінде ер адамды пышақтап өлтірген әйелге сот үкімі шықты., деп хабарлайды MadeniP...
Ірі жол апатынан 35 адам қаза тапты
Сурет ашық дереккөзден алынды
2877
Қытайдың Гуандун Чжухай провинциясында ірі жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлады madeniportal.kz 24kz-ке сілтеме жасап.
Соның салдарынан 35 адам қаза тауып, 45-і жарақат алды. Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, жол талғамайтын көлік тізгіндеген адам стадионда спортпен шұғылданып жүрген бір топ азаматты басып өткен.
Алдын ала нұсқа бойынша, темір тұлпар жүргізушісі бұл әрекетін қасақана жасаған.
Артынша өз-өзіне қол жұмсамақ болыпты. Қазір ол ауруханада.
Оқыс оқиғаға байланысты тергеу амалдары басталды.