Іздеуде жүрген блогер Қайсар Қамза Қазақстанға қашан жеткізіледі?

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
721

Қазақстан Бас прокуратурасы Вьетнамда жүрген блогер Қайсар Қамзаға қатысты жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Politico.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қазақпараттың» жазуынша, бұған дейін блогер әлеуметтік желіде оқырмандарына бейнеүндеу жолдап, қазіргі жағдайы туралы айтып берген еді. 

Бас прокуратураның «Қазақпарат» сауалына берген жауабында Қазақстан тарапының Вьетнамға Қайсар Қамзаны экстрадициялау туралы ресми сұрау жолдағаны айтылған. Ол заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікке ілінген.

«Қазіргі уақытта Вьетнам тарапы аталған сұрау бойынша шешім қабылдаған жоқ. Күдіктіге жарияланған іздеу тоқтатылған жоқ», - делінген Бас прокуратураның жауабында.

Бас прокуратура өкілдерінің мәліметінше, Қазақстан мен Вьетнам арасындағы 2017 жылғы 15 маусымда жасалған экстрадиция туралы келісімде мұндай сұрауларды қараудың нақты мерзімдері белгіленбеген. Осыған байланысты өтініш Вьетнамның ұлттық заңнамасына сәйкес қаралады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматылық дәрігерлер салмағы 679 грамм болып дүниеге келген шақалақты аман алып қалды, деп хабарлайд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үндістанда 22 жастағы ер адам жүкті көңілдесін өлтіріп, оның денесін бөлшектеп, кейбір бөліктерін по...