Иран Израильге соғыс ашты (видео)

Фото интернеттен

ЖАҢАЛЫҚТАР
2865

Сәуірдің 14-і, яғни сенбіден жексенбіге қараған түні Иран Израильге 500 шақты дрон және 150 қанатты зымырандармен жаппай соққы жасады, деп жазады madeniportal.kz.

Шабуылды хуситтер мен "Хезболла" қолдады. Дрондардың бір бөлігі Сирия мен Иорданияның аспанында атып түсірілді.

Әлемдік БАҚ-тың хабарлауынша, Израиль шабуылға 99 пайыз тойтарыс берген көрінеді. Олар қанатты зымырандардың барлығына дерлігін атып түсіргенін хабарлаған. Алайда Иран тарапы зымырандардың кем дегенде жартысы нысанаға дөп тиді деп отыр. Дегенмен соққының күшті болғаны соншалық, әлемдегі ең мықты қорғаныс күмбезі саналатын Израиль аспаны қақ айырылғандай болды. 

Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Иранның соққысынан кейін алғашқы сағатта мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, шабуыл тойтарылды. Нетаньяху әлеуметтік желіде. "Біз ұстадық. Біз бұғаттадық. Біз бірге жеңеміз" деп жазды.

Бұған дейін Иран Израильге Сирия мен Ливан, Йемендегі түрлі топтар арқылы соққы жасап келген.

Егер Израиль шабуылға жауап берсе, Иран "одан да көп күшке ие" соққы бере алады, деп мәлімдеме жасады БҰҰ жанындағы Ислам Республикасының Елшісі және тұрақты өкілі Амир Саид Иравани.

Біріккен Ұлттар Ұйымы тағы бір соғыс бүкіл әлем үшін үлкен дағдарыс алып келетінін мәлімдеді.

Иранның шабуылына аймақтағы саяси қарама-қайшылық, АҚШ-пен арадағы араздық себеп деуге болады.

CNN-нің хабарлауынша, АҚШ президенті Джо Байден телефон арқылы сөйлесу кезінде Нетаньяхуға Америка Құрама Штаттары Иранға қарсы ешқандай шабуыл операцияларына қатыспайтынын айтқан.

 

PESTEL

Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи денсаулық жағдайына байланысты және қауіпсіздік мақ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...