Гүлзира Айдарбекқызын сыныптастары жылатып алды (ВИДЕО)

Фото: https://www.instagram.com/gulziraaidarbekova/

ЖАҢАЛЫҚТАР
1427

Оқиға продюсердің оқу бітіргеніне 40 жыл толуына орай ұйымдастырылған іс-шара барысында болған, деп хабаралады Мadeniportal.kz.

«Сыныптастарымызбен 40 жылдық кездесу өтті. Осы жылға дейін арамыздан біраз құрдастарымыз да ұстаздарымыз да о дүниелік болып кетті. Өмір бір есіктен кіріп, екінші есіктен шығып кеткендей өте тез. Сенің дүниеңнің бар болғаны да жоқ болғаныда қызықтырмайтын достарың ол бала кездегі сыныптастарың. Бұрындары кездесе қалсақ қапысыз түк ойламай тарқай салушы едік, бұл жолы қимастықпен қоштастық, тіптен еріксіз жылап та қалдым, оған себеп 30 жылдықтан соң 40 жылдықта арадағы көзді ашып жұмғанша өтіп кеткен 10 жыл ішінде біраз достарымыздан айрылып қалыппыз. Кейбірінің келіншектері өмірден өткен күйеулерінің орнын жоқтатпай жалғыз келді, олардың жүрегінде қандай толқыныстар орын алды, ол да болса жүрекке батты, бұл жолы іштей күйзелісім тыным бермегендей… Ауылда қалған қарапайым сыныптастарымның титтей де арамдығы жоқ, не деген кең жүректі адалдықтарын сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Чатты өшіруші болмаңдар, сырттағы біреуден естімей жағдайларыңды өз ауыздарыңнан естіп отырайық деп кеттім. Барымызда бір-бірімізді бағалайық!», - деп жазды Гүлзира Айдарбекқызы.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...