Су тасқынына орай бес облыста жол жабылды

Фотосурет: Ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
2320

"ҚазАвтоЖол" компаниясы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы су тасқыны туралы мәліметті жариялады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

17 сәуірдегі сағат 08:30 жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 3 облыста (Ақмола, СҚО, Қостанай) 8 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 7575 метр болатын су тасқыны орын алды, - делінген хабарламада.

5 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 11 автомобиль жолдарында (ұзындығы 411 км) қозғалысқа шектеу қойылды.

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 356 бірлік техника мен 438 адам жұмылдырылған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...