“Кішкентайы 1 жаста”: Ер адам төрт баласын айуандықпен өлтіріп тастады

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
1925

Тверь облысында төрт баласын өлтірді деп айыпталған ер адам ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды madeniportal.kz Alash.kz порталына сілтеме жасап.

Мәліметтерге сүйенсек, 4 баласын өлтірген соң, ер адам өзіне қол жұмсамақ болған. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалып, сот алдында жауап беруі үшін бар күшін салғанымен, нәтиже болмады.

Бұған дейін желтоқсанның соңында Тверь облысының Калинин муниципалды округіндегі “Межурка” бау-бақша қоғамында жантүршігерлік оқиға болғаны хабарланған еді.

Қайтыс болған балалардың әкесіне күдік келтірілді. Оқиғадан кейін ол өз-өзіне қол жұмсамақ болып, жансақтау бөліміне жеткізілген.

Қайтыс болған балалардың жасы 1,3,5,7 жаста болған. 

PESTEL

АҚШ-тың Род-Айленд штатындағы Провиденс қаласында орналасқан Браун университетінде емтихан кезінде б...

PESTEL

«Қылмыстық чтиво» және «Маска» фильмдеріндегі рөлдерімен танымал америкалық...