Кәрім Мәсімовтің зәулім үйі кімге берілетіні анықталды

Фото: dauletten.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1716

Үш рет аукционға қойылған зәулім үйді Оқу-ағарту министрлігінің балансына беру туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Министрліктің мәліметінше, зәулім үй ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған орталыққа айналмақ. Мұндай шешім балалардың санының артуына байланысты қабылданды. 

"Негізгі орталық Алматыдағы Ұлттық ғылыми-практикалық орталықта орналасады. Ал басқа өңірлерде, соның ішінде Астанада да филиалдар ашылады. Бұл бірыңғай әдістемелік жүйе қалыптастыруға, мамандарға, ата-аналарға және балаларға қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарының жұмысын жақсартуға мүмкіндік береді", – деді министрлік өкілдері. 

Бұл үй Нұра ауданындағы Қараөткел ықшамауданында орналасқан. Бұған дейін зәулім үй Қайтарылған активтерді басқару компаниясының балансында болып, 1,6 млрд теңгеден бастапқы бағамен электронды саудаға қойылған. 

Үйді үш рет сатуға тырысқанымен, сатып алушы табылмады. Бұған дейінгі аукционда Мәсімовке тиесілі монеталар, әшекейлер мен қылыштар сатылған еді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

77 адамның өмірін қиған қос терактіден кейін шамамен 15 жыл өтсе де, Андерс Брейвик (қазіргі есімі &...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақын, прозаик, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Артемьева Римма Альбертовна 66 жасқа қараған шағы...