Дана Нұржігіт отбасындағы қайғылы жайтты бөлісті

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
117

Журналист Дана Нұржігіт әлеуметтік желіде жүрек тебірентер жазба жариялады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

“Хасан нағашым… балалық шағымның куәсі… әскерден оралғаны, үйленгені, атамның шаңырағына ие болып, ауыл интеллигенциясы мен ардагерлерінің алды болып, зейнетке шыққанына небәрі бір ай ғана болған еді…

5 сәуір күні ғана мерейтойын өткізіп еді… Соңғы көрген қуанышы сол екен ғой!” – деп жазды ол.

Сондай-ақ журналист марқұм ағасына деген сағынышын білдіріп, отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты.

“Нағашы ауылым қара жамылды… Енді кімді іздеп, кімге еркелеп барып, жиендік жасап, сағынышымды басамын?!

Диханкөл ауылының халқын өнерімен сусындатқан аңқылдаған ағамның аруағы қолдасын!

Өнерлі ұрпағына, жары Гүлзипа жеңгеме, нағашы жұртыма қайғырып көңіл айтамын!

Жаныңыз жәннатта болсын, Хасеке!” – деді Дана Нұржігіт.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ішкі істер министрлігі өнеркәсіп саласына шығын келтіретін ұрлық фактілерін, жасырын схемаларды және...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысы прокурорының көмекшісі Жандар Болатбек Ақбаян Мұқанғалиеваның отбасы өліміне қатысы жо...