Ұшақ апаты: Борттағы барлық адам тіл тартпай кетті

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1669

Индонезияның Батыс Калимантан провинциясында ішінде 8 адамы бар тікұшақ құлады. Тікұшақтағылар мерт болды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, 16 сәуір күні Airbus H130 тікұшағы Мелави ауданындағы плантациядан ұшып шыққаннан кейін 5 минут өткен соң байланыс үзілген. Кейін құтқарушылар апат орнынан шамамен 3 км жерде әуе кемесінің сынықтарын, болжам бойынша артқы бөлігін тапқан.

«Құлау орны қалың орманмен көмкерілген, жер бедері тік, төбелі аймақта орналасқан», — деді Индонезия құтқару қызметінің басшысы Мохаммад Сяфи.

Апат салдарынан борттағы барлық адамдар – 6 жолаушы мен 2 экипаж мүшесі қаза тапты. Қайғылы оқиғаның себептері әзірге белгісіз, тергеу жүргізіліп жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысындағы тасжолда жеңіл көлік жол жөндеу ұйымының үш жұмысшысын қағып кетті. Олардың бірі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ресейдің Еврей автономиялық облысында шағын автобус пен пойыз соқтығысып, алты адам көз жұмды, деп х...