Кітап көп оқыған қылмыскерлер бостандыққа ерте шығады

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2214

Түрмедегі қылмыскерлер кітап оқығаны үшін бостандыққа ертерек шығарылуы мүмкін, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Бұл заң Өзбекстанда қабылданбақ. Депутаттар мәжілістің бірінші оқылымда кітап оқығаны үшін жазаны қысқартуды көздейтін заң жобасын қабылдады. Тізімдегі әрбір оқылған кітап үшін жаза өтеу мерзімін үш күнге қысқарту ұсынылды. Олардың қатарында емтиханды сәтті тапсырғандар да бар.

Сонвмен қатар сотталғандар кітапты көп оқу арқылы жазасын жеңіл жазаға ауыстыра алады.

«Көркем әдебиетті оқу сотталушыға өзінің сезімдері мен эмоцияларын ғана емес, сонымен қатар қоғамдағы басқа адамдардың сезімдері мен эмоцияларын, олардың дүниетанымы мен тілектерін түсінуге көмектеседі», - деді ішкі істер министрінің орынбасары Рамазан Ашрапов.

Ашрапов Өзбекстандағы 49 түрмеде 230 мыңнан астам кітап барын айтты. Оның ішінде 44,7 мыңнан астамы шетелдік кітаптар.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...