Кореяда ұшақтың құстармен соқтығысқан сәті видеоға түсіп қалған (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
2119

Кореялық БАҚ Jeju Air әуе компаниясына тиесілі Boeing 737 ұшағы құстармен соқтығысып, шассидің істен шығуына әкеп соқтырған сәтін жариялап жатыр, деп хабарлайды madeniportal.kz nur.kz-ке сілтеме жасап.

Атап айтқанда, ұшақ пен құстардың соқтығысуы мүмкін сәт MBCNEWS сюжетінде пайда болды. Естеріңізге салсақ, ұшақ апаты жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 9:07-де, Jeju Air ұшағы қону кезінде ұшу-қону жолағынан ауытқып, Сеулден оңтүстік-батысқа қарай 288 шақырым жерде орналасқан Муанг округінде қоршауға тап болған кезде болды. Екі адам құтқарылды. Апат салдарынан ұшақ айтарлықтай шығынға ұшырады. Бангкоктан қайтып келе жатқан ұшақтың бортында барлығы 181 адам, оның ішінде 6 экипаж мүшесі болған. Екі Таиланд азаматын қоспағанда, жолаушылардың көпшілігі Оңтүстік Корея азаматтары екен.

 

PESTEL

Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи денсаулық жағдайына байланысты және қауіпсіздік мақ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...