15 жастағы ауыл баласы өзіне оқ атып көз жұмды

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1309

Солтүстік Қазақстан облысында 15 жастағы жасөспірім өзіне оқ атып, қайтыс болды. Қайғылы оқиға Жамбыл ауданының Пресновка ауылында болған, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. 

Солтүстік Қазақстан облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға кезінде үйде ата-анасы болмаған. Қазір полицейлер оқиғаның себебі мен мән-жайын анықтап жатыр. 

«Жамбыл ауданының Пресновка ауылында кәмелетке толмаған баланың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Құқық қорғау органдары қажетті тергеу амалдарын жүргізуде. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді», – делінген хабарламада. 

Оқиға бойынша қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) немесе өзге де баптар шеңберінде саралануы мүмкін. Дегенмен, нақты бап тергеу қорытындысынан кейін белгілі болады.

Полиция тергеу кезінде:

  • Қарудың қайдан алынғанын;
  • Оқтың қалай атылғанын;
  • Жасөспірімнің соңғы күндердегі жағдайын;
  • Қоршаған ортасы мен әлеуметтік факторларын зерттемек. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында ұшқышсыз ұшу аппаратына тиесілі болуы мүмкін сынықтар табылды, деп хабарлады Madeni...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Екі ел делегацияларының қатысуымен өткен келіссөз барысында Президент өзара ықпалдастықты одан әрі н...