Серік Сәпиевтің орынбасары Дәурен Есімханов қоғамда қызу талқыланып жатқан жағдайға қатысты мәлімдем...
Көз алмасы езілген: Балабақшада бүлдіршін жанындағы қыздың көзін ойып алды
Фото: freepik
2845
Тәрбиешінің қарауынсыз қалған бүлдіршін жаныеда отырған қыздың көзін ойып алды, деп хабарлайды madeniportal.kz.
SHOT Telegram арнасының жазуынша, қайғылы оқиға Подольск қаласындағы №34 мектеп жанынан ашылған балабақшада болған. Сурет сабағында 56 жастағы тәрбиеші басқа жұмысына айналып, балалар арасында болған жағдайды байқамай қалған. 4 жасар бүлдіршін сурет салып отырып, абайсызда жанында отырған қыздың көзін қарындашпен ойып алған.
Нәтижесінде төрт жасар қыз ауыр жарақат алды. Көз алмасы түсіп, баланың көру қабілетін қалпына келтіру мүмкін болмады. Жәбірленуші қазір ауруханада, оған екі рет ота жасалған.