Қазақстанда әншілерге фонограммамен ән айтуға тыйым салынды

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1496

Енді Қазақстанда мәдени-бұқаралық іс-шараларда әншілерге фонограммамен ән айтуға тыйым салынады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты, "AMANAT" партиясы фракциясының мүшесі Ринат Зайыт айтты,  деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Бұл туралы Aikyn.kz жазды.

Мәжіліс отырысында тиісті заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды.

– Жаппай тыйым салу емес, тек 200 адамнан жоғары сыйымдылығы бар мәдени бұқаралық іс-шараларды қамтиды. Оның ішінде бейімделмеген, арнайы-құрал-жабдықтармен жабдықталмаған алаңдар болатын болса, ол жерде фонограммаға рұқсат етіледі. Басқа жерде ең бірінші көрерменнің, тұтынушының мүддесін алға қою керек. 25-50 мыңға билет алған көрермен «аузын жыбырлатқан әншіні тыңдау керек» деген қағида болмауы керек. Барғаннан кейін әншінің концертке деген дайындығын, деңгейін көруге құқылы деп ойлаймыз, – Ринат Зайыт.

Ал заңды бұзып, әншінің фонаграммамен ән айтуына жол берген мәдени шараны ұйымдастырушылар айыппұл арқалайды.

– Фонограмма қолдану бойынша ұйымдастырушыларға жауапкершілік қарастырылған. Бұл нормативтік құқықтық-актілерде нақты бекітіледі. Әзірге айыппұл сомасын 1000 АЕК мөлшерінде деп белгілеп отырмыз, – деді депутат.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда мектеп формасына қойылатын бірыңғай талапты бұзған жекеменшік мектеп лицензиясынан айыры...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тбилиси – Астана бағытындағы ұшақта электронды темекі шеккен 38 жастағы шетелдік жолаушы жауап...