Мемлекет басшысының шетелден кәсіби мамандар мен табысты бизнесмендерді Қазақстанға тарту жөніндегі...
«Күйеу бала атасынан аумайды екен»: Қайрат Нұртастың қызының суреті қызу талқыға түсті
коллаж: madeniportal.kz
Әлеуметтік желіде танымал әнші Қайрат Нұртастың қызының жігіт досымен түскен суреті талқыға түсті, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.
Instagram-да Әмір есімді желі қолданушысы Қайрат Нұртастың қызы Алаумен түскен суретін жариялады.
"Не деуге болады, телефоннан мәліметтерді көшіріп жатқанда осы суреттерге қатты қадалып қалдым. Бұнымен ештеңе айтқым келмейді, тек жүрекке жылы естеліктер лап етіп келді. Маған сол сәттегі сезімді тек өзім ғана емес, басқалар да сезінсе екен деген оймен осы суреттерді парақшама жүктегім келді...", - деді Алаудың досы.
Желі қолданушылары бұл суретті қызу талқылады.
"Күйеу бала атасынан аумайды екен", "Атын шықпаса жер өрте деген", "Бұл қыз да ерте жетіліп", "Бұл кім өзі досы ма?", - деді желі қолданушылары.