Қазақстандық тағы бір атышулы блогер хиджаб шешкенін мәлімдеді

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
1062

Актриса және блогер Айым Алтынбекова хиджаб кимеуді ұйғарғанын хабарлады. Бұл туралы ол Instagram-дағы жеке парақшасында жазды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

«Бір нәрсені бөліскім келеді: мен хиджабты шештім. Бұл шешімге оңай келмедім, бірақ ол — саналы түрде қабылданған таңдау. Бұл өзгеріс ешкімнің ықпалынан немесе кездейсоқ болған жоқ. Көп ойландым, уайымдадым, үнсіз жүрдім. Енді тек уақыты жетті», — деп жазды ол Stories бөлімінде.

Айым сонымен қатар ешкімнің пікірін немесе кеңесін күтпейтінін айтты.

«Мен ешкімнен қолдау не кеңес сұрамаймын, дау іздемеймін. Маған тек құрмет пен тыныштық қажет. Бұл — менің өз жолым. Бұл жолда ешкімге ештеңе дәлелдеуге міндетті емеспін», — деді блогер.

Ол бұған дейін хиджаб таққан кезінде жиі сын естігенін еске алып, енді ондай жағдайлар қайталанбас деген сенім білдірді.
Айымның бұл жазбасы әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырды. Көпшілік оның шешімін түсіністікпен қабылдап, әркімнің жеке таңдауына құрметпен қарауға үндеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...