Декреттік төлем 3,2 млн теңгеге дейін өсуі мүмкін

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
92

Қазақстанда 2027 жылы жүктілік пен босануға байланысты берілетін ең жоғары әлеуметтік төлем мөлшері артуы мүмкін, деп хабарлайды MadeniPortal.kz baq.kz-ке сілтеме жасап. 

Егер 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтерілсе, қалыпты босану кезінде төленетін ең жоғары сома 3 234 000 теңгеге жетеді. Ал босану асқынған немесе егіз және одан да көп бала туған жағдайда төлем 3 595 900 теңге болуы мүмкін.

Алайда бұл – есептік болжам. Әлеуметтік төлемнен 10% міндетті зейнетақы жарнасы ұсталады. Осыны ескергенде, болашақ ананың қолына қалыпты босану кезінде 2 910 600 теңгеге дейін, ал босану асқынған немесе бірнеше бала туған жағдайда 3 236 310 теңгеге дейін қаражат тиеді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратынша, қазіргі уақытта әлеуметтік төлемді есептеу кезінде ескерілетін ең жоғары айлық табыс 595 мың теңгені құрайды. Бұл – ең төменгі жалақының жеті есесі. Сондықтан 2026 жылы қалыпты босану кезіндегі ең жоғары біржолғы төлем 2 499 000 теңге болады.

Егер 2027 жылы ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін өссе, есепке алынатын табыстың шекті мөлшері де 770 мың теңгеге дейін ұлғаяды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақтың тұңғыш антропологы, көрнекті ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым ака...

СПОРТ

«Барселона» клубының шабуылшысы Ламин Ямаль Чемпиондар лигасы аясында Әзербайжанның &laq...