Күйеуі оқиға орнында көз жұмды: Шымкентте әйел қамауға алынды

ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
165

Шымкентте отбасылық жанжал кезінде күйеуіне пышақ жарақатын салды деген күдікпен жергілікті тұрғын ұсталды. Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 

Қайғылы оқиға Самал-3 шағынауданындағы жалдамалы пәтерде болған.

Шымкент қалалық полиция департаментінің алдын ала мәліметінше, ерлі-зайыптылар арасында отбасылық-тұрмыстық жанжал туындаған. Жанжал барысында ер адам пышақ жарақатын алып, оқиға орнында қайтыс болған.

«Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам мен әйел арасында отбасылық-тұрмыстық жанжал орын алып, салдарынан ер адам пышақ жарақатын алған. Алған жарақатынан ол оқиға орнында көз жұмды», – деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.

Көршілердің айтуынша, бұған дейін бұл отбасында жиі жанжал болғанын байқамаған. Олардың сөзінше, ерлі-зайыптылардың екі кішкентай қызы бар.

Куәгерлердің бірі жанжалдың әйел намаз оқып жатқан кезде басталған болуы мүмкін екенін айтқан. Алайда бұл мәліметті полиция ресми түрде растаған жоқ. Сондықтан жанжалдың нақты себебі тергеу барысында анықталады.

Оқиғадан кейін күдікті әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта ер адамның өліміне байланысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысы Шу ауданының Қонаев ауылында воркаут аймағы бар шағын футбол алаңы мен балалар ойын ал...

СПОРТ

Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова мен боксшы Төрехан Сабырхан Жапонияда өтіп жатқан Аичи–...