Шымкентте автобус жаяу жүргінші жолымен өтіп бара жатқан әйелді басып кетті

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
1220

Шымкентте автобус жаяу жүргінші жолымен өтіп бара жатқан әйелді басып кетті. Әйел оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы 7 қазанда болды. «Жібек жолы» көшесінде әйел жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған. Сол сәтте оны автобус басып кеткен.

Жарақат алған әйелді аман алып қалу мүмкін болмады. Ол оқиға орнында көз жұмды.

Шымкент қалалық полиция департаменті бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

«Қазіргі таңда жол апатының барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – деді полиция өкілдері.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...