Лисаков қаласындағы фестивальде келушілерге ежелгі тұрмыс-салт көрсетілді

Жаңалықтар
1076

Қостанай облысының Лисаков қаласында ежелгі технологиялар және мәдени коммуникацияларының бірінші халықаралық фестивалі өтті. 

Ұлы даланың мәдени мұрасын зерттеушілердің бұл жерде басқосуы да тегін емес. Себебі қола дәуіріндегі тайпалардың көптеген тұрақтары мен ескерткіштері осы Лисаков аймағынан табылды. Андронов мәдениетіне жататын құмыра ыдыстар, қару-жарақ, тұрмыстық құралдар, әшекейлер жергілікті музейден орын алған. Фестиваль аясында адамзат баласы алғаш металды қалай өңдеп, тоқыма матаны қалай дайындағандығы нақты іс жүзінде көрсетілді. Күнге табыну, тарихи киімдер шеруі, ортағасыр жауынгерлерінің  жекпе-жегі сияқты қойылымдар ежелгі қола дәуіріндегі тұрмысты салтты паш етті. 

Шынар Ермағанбетова, Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті музейінің директоры:

 - Андроновтықтарда жерлеу әдісі өзгеше болған. Адамды осылай бір жағына жатқызып, аяқты біріктіріп, сөйтіп жатқызған адамды. Жерлегенде адамның сәнді кимідерін кигізіп, әйел адам болса, бүкіл әшекейлерін таққан. Зиратына, ыдыстарына тамақ толтырған, малдың етін салған. Өйткені о дүниеде адам өмірі жалғасады, сол кезде адамға тамағы тоқ болсын деп тілеген.

 Madeniet.kz

Спорт

Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов 67 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионатының жартылай финалына ш...

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...