Павлодарда велосипед айдаған зейнеткер көз жұмды

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
1810

Павлодарда велосипед айдаған қарт адам құлап көз жұмды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Оқиға Павлодар облысында 7 шілдеге қараған түні болған. Орталық жағалауда ана мен оның үш баласы төрт дөңгелекті велосипедпен жүріп бара жатып, төмен қарай қатты жылдамдықпен металл қоршауға соғылған. Соның салдарынан зейнет жасындағы әйел ауыр жарақат алып, оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды 

Қайтыс болған әйелдің қызы мен үш немересі түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді. Олардың жағдайы туралы ақпарат әзірге нақтыланбаған. 

Оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қауіпсіздік талаптарын сақтамау фактісі бойынша жауапты тұлғалар анықталып, заң аясында шара қолданылмақ. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үндістанда 65 жастағы ер адам 35 жастағы әйел мен оның 10 айлық қызын зорлап өлтірді деген күдікпен...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады. Көптеген өңірде бұлттылық құбы...