Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия иелерінің тізімі

ЖАҢАЛЫҚТАР
8479

2022 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығы шықты. 

«Осы өкімге қосымшаға сәйкес, 2022 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия берілсін», – деп жазылған Жарлықта.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 2 өкіміне қосымша:


2022 жылғы мәдениет саласындағы  мемлекеттік стипендия иегерлері:

 Әдебиет қайраткерлері

 

Айтқожа Марфуға
–
1936 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері

 

Ақсұңқар Серік
–
1950 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері


 

Ахметова Күләш
–
1946 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері


 

Әбдікұлы Төлен
–
1942 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты


 

Әбдікәкімов


Тыныштықбек

–
1953 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері


 

Әшімов Әкім
(Әкім Тарази)
–
1933 жылы туған, жазушы, Қазақстанның Еңбек Ері, «Отан» және «Құрмет» ордендерінің иегері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Әшіров Ахмет
–
1938 жылы туған, жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері


 

Бақтыгереева Ақұштап
–
1944 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері
Гарькавец Александр
–
1947 жылы туған, түркітанушы-ғалым, қоғам қайраткері


 

Досанов Сәбит
–
1940 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Отан» және  «Парасат» ордендерінің иегері


 

Елубаев Смағұл
–
1947 жылы туған, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Ерманов Жүрсін


 

–
1951 жылы туған, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері


 

Есенқарақызы Ханбибі
–
1949 жылы туған, ақын, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері, «Парасат» орденінің иегері


 

Жағанова Алтыншаш
–
1943 жылы туған, жазушы, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» және IIІ дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері


 

Жолдасбеков  Мырзатай
–
1937 жылы туған, мемлекет және қоғам қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері


 

Жүнісов Ерлан
–
1984 жылы туған, ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты


 

Исабаев Нұртас
–
1954 жылы туған, ақын, «Құрмет» орденінің иегері


 

Исабеков Дулат
–
1942 жылы туған, жазушы, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты,   «Құрмет» орденінің иегері


 

Қасенов Дәурен


 

–
1974 жылы туған,  ақын,  халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты


 

Қосылбеков Дидар


 

–
1969 жылы туған, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері


 

Қыдырханұлы Уахап
–
1932 жылы туған, жазушы, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері


 

Түменбаев Қуандық
–
1955 жылы туған, жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты


 

Медетбек Темірхан
–
1945 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері


 

Мүбарак Бағдат


 

–
1978 жылы туған, ақын, халықаралық поэзия фестивалінің лауреаты


 

Мырзахметұлы Мекемтас
–
1930 жылы туған, әдебиеттанушы,  Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты


 

Нұржан Светқали


 

–
1962 жылы туған, ақын, «Отан» және «Құрмет» ордендерінің иегері


 

Нұржекеев Бексұлтан
–
1941 жылы туған, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері


 

Салғараұлы Қойшығара
–
1939 жылы туған, жазушы, ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері


 

Сүлейменов Олжас
–
1936 жылы туған, ақын, Қазақ КСР-інің халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері,  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының  Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының лауреаты


 

Салықбаева Гүлнар
–
1963 жылы туған, ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты


 

Тұрғынбекұлы Серік
–
1946 жылы туған, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері


 

 

 

 

Өнер қайраткерлері

 

Ахметова Шайза

 

–
1948 жылы туған, актриса, Қазақстанның халық әртісі


 

Әбішев Қайролла
–
1965 жылы туған, модельер-дизайнер, «Құрмет» орденінің иегері


 

Әшімов Асанәлі
–
1937 жылы туған, актер, КСРО халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты


 

Байсейітова Раушан
–
1947 жылы туған, балерина, Қазақ КСР-інің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты


 

Байбосынов Қайрат
–
1950 жылы туған, әнші, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» және «Достық»  ордендерінің иегері


 

Бекетаева Әйгерім
–
1991 жылы туған, балет әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері


 

Бегайдаров Қоныспек
–
1957 жылы туған, актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері


 

Вербовой Богдан
–
2002 жылы туған, балет әртісі, республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты


 

Демеуов Бейімбет
–
1964 жылы туған, дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері


 

Жаманқұлов Тұңғышбай
–
1948 жылы туған, актер, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері,  «Парасат» және «Достық» ордендерінің иегері


 

Еслямова Самал
–
1984 жылы туған, актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері


 

Есмағамбетов Айдос
–
1986 жылы туған, мүсінші


 

Жаманбаев Базарғали
–
1942 жылы туған, дирижер, Қазақ КСР-інің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Ерболат Жасұлан


 

–
1990 жылы туған, актер


 

Жақанов Ілия
–
1936 жылы туған, композитор, ақын, өнертанушы, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Отан» орденінің иегері


 

Жақып Құттыбек


 

–
1961 жылы туған, суретші
Жұбаниязов Өмірбек
–
1964 жылы туған, суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері


 

Исалиева  Бибігүл


 

 

–
1967 жылы туған, актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері


 

Исмаилов Өмірәлі


 

–
1970 жылы туған, суретші


 

Исмағұлов Оразақ
–
1930 жылы туған, антрополог, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері


 

Қастеева Зарема
–
1947 жылы туған, балерина, Қазақ КСР-інің халық әртісі


 

Қалиламбекова Қорлан


 

–
1944 жылы туған, опера әншісі, Қазақ КСР-інің халық әртісі, «Құрмет» орденінің иегері


 

Клушкин Юрий


 

–
1937 жылы туған, музыкант, Қазақ КСР-інің халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері


 

Қазиев Ермек


 

–
1947 жылы туған, күйші-домбырашы, республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері


 

Қойшыбаев Абай
–
1983 жылы туған, күйші, өнертану магистрі


 

Қазақбаева Күлжамал
–
1949 жылы туған, актриса, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі
Лебсак Ирина
–
1963 жылы туған, актриса, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, «Парасат» орденінің иегері


 

Мәлібекұлы Жандарбек


 

 

–
1942 жылы туған, сәулетші, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы


 

Мықтыбаев Батыржан
–
1978 жылы туған, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері


 

Мышбаева Нүкетай
–
1936 жылы туған, актриса, Қазақ КСР-інің халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері


 

Мұсаходжаева Раушан
–
1955 жылы туған, қобызшы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері


 

Молдағали  Фархат


 

–
1993 жылы туған, актер, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты


 

Нарбеков  Мұрат
–
1988 жылы туған, әртіс, халықаралық конкурстардың лауреаты


 

Нүсіпжан Нұрғали
–
1937 жылы туған, әнші, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» және II дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері


 

Нұрмағанбетов Дінислам


 

–
1998 жылы туған, актер


 

Обаев Есмұқан
–
1941 жылы туған, режиссер, Қазақ КСР-інің халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері


 

Оразбаев Сәбит
–
1936 жылы туған, актер, Қазақ КСР-інің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Осман Асле
–
1941 жылы туған, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері


 

Разиева Гульвер


 

–
1936 жылы туған, әнші, Қазақ КСР-інің халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері


 

Сүлеев Әубәкір
–
1947 жылы туған, кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері


 

Тасыбекова Торғын
–
1938 жылы туған, актриса, Қазақ КСР-інің халық әртісі


 

Төлегенова Бибігүл
–
1929 жылы туған, әнші, КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты


 

Өтекешева Меруерт
–
1951 жылы туған, актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері


 

Ысқақов Біләл
–
1954 жылы туған, күйші-домбырашы,  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері


 

______________________________


 Ақорданың баспасөз қызметі