Белгілі блогер Мереке Қалбаева келін болып түскенде алғашқыда жаңа әулетке бейімделу қиын болғанын ж...
Мас күйінде бұзақылық жасаған Ақтау прокуроры айыппұлмен құтылды
Фото: әлеуметтік желі
1342
Маңғыстау облыстық соты Ақтау қаласының прокуроры Ерболат Әбдіровке қатысты істі қайта қарады. Апелляциялық алқа оны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 78 640 теңге көлемінде айыппұл салды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
Бүгін, 15 қыркүйек күні Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі алдыңғы сатыдағы шешімнің күшін жойып, прокурорды ҚР ӘҚБтК – нің 434-бабы, 1-бөлігі - "ұсақ бұзақылық" бойынша айыптады.
Әбдіровтің кінәсі жиналған іс материалдарымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, куәгерлердің айғақтарымен, әуежай мен полиция қызметкерлерінің актілерімен расталады.