Мәжілісте анасын құттықтаған депутаттың әрекетіне Мәулен Әшімбаев пікір білдірді

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
832

Кеше Мәжіліс отырысында депутат Ардақ Назаров анасын 70 жылдық мерейтойымен құттықтады. Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтан Мәжіліс депутаты Ардақ Назаровтың іс-әрекеті қаншалық орынды болғаны сұралды,  деп хабарлады  MADENIPORTAL.KZ.

Бұл туралы Massaget.kz жазды.

Спикер көрші палатадағы депутаттардың әрекетіне пікір білдіру "дұрыс емес" екенін жеткізді.

Содан кейін журналист "Сенатта мұндай жағдайы болуы мүмкін бе?" деп сұрады.

"Сенаторлардың бірі анасын қатты жақсы көретін болса, мүмкін. Бірақ әзірге мұндай жағдай болған жоқ", - деп жауап берді Әшімбаев.

Айта кетейік, депутат сауалын жолдамас бұрын анасына арналған тілегін жеткізді.

"Қадірлі анашым, сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын. Сіздің мейірімге толы жүрегіңізге, жүзіңізден төгілген нұрға шомылып өстім. Анашым, әкетайым екеуіңіз мәңгі бірге болып, немерелеріңіздің қызығын көріңіздер. Сізді қатты жақсы көремін, сіздің алдыңызда басымды иемін", - деді ол.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада қоғамдық көлік пен шағын автобус соқтығысып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPorta...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы – Орталық Азиядағы ең жылдам өсіп жатқан туристік хаб, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.А...