Хуторлық Хасан Қасымбаев он бес жылға сотталуы мүмкін

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
733

Талғарда белгілі іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр, деп хабарлады MadeniPortal.kz

28 қазанда өткен отырыста тараптар соңғы сөздерін айтты. Айыпталушы Хасан Қасымбаев пен оның серіктестері өздеріне тағылған айыптарды жоққа шығарып, істегі деректерді «жалған» және «қолдан құрастырылған» деп атады.

Мемлекеттік айыптаушы Ерлан Құланбаев соттан Қасымбаевты 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сонымен қатар прокурор айыпталушылардан жәбірленуші тарапқа 5 миллион теңге моральдық өтемақыөндіруді ұсынды. 

Еске салайық, Хасан Қасымбаев 2024 жылдың 2 қарашасында уақытша ұстау изоляторына қамалған еді. Тергеу нұсқасы бойынша, ол 2021 жылы ережесіз жекпе-жек жаттықтырушысы Арман Әлімовті ұрлап, ауыр дене жарақатын салған. Сондай-ақ Қасымбаевқа 2016 жылы Аюпжан Тәжиевке қатысты оқиға бойынша да айып тағылған.

Бұл іс бойынша Қасымбаевпен бірге Руслан Әлиев, Мадияр Қалымжанов, Сайлау Ақтанов, Нұрмұхаммет Сұлтанбеков және Данияр Асқаров та сотталып жатыр. Сот залында айыпталушылар өз құқықтарының бұзылып жатқанын айтып, наразылық білдірді.

 Ал жәбірленушінің анасы үш күдіктіге қатысты іс қозғалмағанын айтып, апелляциялық шағым түсіретінін мәлімдеді.