Сенбі, 14 қыркүйектен жексенбі, 15 қыркүйекке қарайтын түні Астанада түнгі автобустар жұмысын тоқтат...
Журналист Асхат Ниязовтың не үшін полицияға ұсталғаны белгілі болды
Фото: ulysmedia.kz
Қазақстандық журналист Асхат Ниязов полициядан босап шықты, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Асхат Ниязов әкімдік қызметкерлерінің мәлімдемесінен кейін ұсталғанын айтты. Оның видеосын журналист Әсем Жәпішева жариялады. Ниязовтың айтуынша, ол Алматы әкімі Ерболат Досаевты күткен.
– Әкімдіктің жанында жүріп, қақпаның жанында күтіп, қарауылдауға тырыстым. Әкімдік қызметкерлері стратегиялық нысанда күдікті адамдар бір нәрсе істеп жатқаны туралы арыз жазған. Кеше кешке өтініш түскен. Ең таңғаларлығы, менің артымнан 6-7 адам, 2 көлік келді. Олар жай ғана қоңырау шалып, "кел" деп шақырса да болар еді" - деді ол.
Полиция департаменті күдікті адамдар мемлекеттік күзетке жататын нысанды видеоға түсіріп жатқаны туралы хабарлама алғанын жеткізеді.
– Жеке басын және істің мән-жайын анықтау үшін азаматтар Бостандық ауданының полиция басқармасына шақырылды. Жағдай анықталғаннан кейін олар босатылды, - делінген хабарламада.
Бұған дейін Асхат Ниязов Алматыда ұсталған болатын.
Асхат Ниязов - қазақстандық журналист және "Обожаю" YouTube-арнасының авторы. Өз жобасында ол қарапайым қазақстандықтардың проблемалары мен шағымдарын білу үшін елдің әртүрлі аймақтарына барады. Әкімдермен кездеседі.