Болат Назарбаев 13 қараша, дүйсенбі күні сағат 9.51-де 70 жасында қайтыс болған. Қаралы хабарды Алма...
«Менің де, анамның да өмірін құрттың»: Бишімбаев бәріне әкесін кінәлаған
Астанада Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Stan.kz-тің жазуынша, зардап шеккен тараптан жауап алу басталды. Сот сұрақтарына Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді жауап беріп жатыр.
Айтбек қарындасына тұрмысқа шығуға ұсыныс жасалғаннан кейін, қарындасының сүйіктісімен алдын ала танысқысы келгенімен Қуандықтың үнемі қолы бос болмаған көрінеді. Сол себепті оны тек құдалықта ғана көрген. 17 қарашада құдалық, 18 қарашада сырға салу Павлодарда өткен. Нүкенованың ағасының сөзінше, Қуандыққа той-томалақтың ешқайсысы қызық болмаған.
Екеуінің арасындағы алғашқы ұрыс “Бау” ресторанында болған. Бишімбаев ресторан қызметкерлерімен дөрекі сөйлескен, Салтанат адамдармен олай сөйлесуге болмайтынын айтып, ренжіген.
Жаңа жыл қарсаңында Қуандық пен Салтанат жақындарын үйіне қонаққа шақырады. Ол жерде Салтанаттың ағасы, Бишімбаевтың ата-анасы мен алғашқы некеден туған балалары болған. Қонаққа келген ағасы Салтанаттың қолы дірілдеп тұрғанын байқайды. “Не болды?” деген сұраққа қарындасы “ештеңе болған жоқ, жаным, аздап уайымдап тұрмын” деп жауап берген.
Салтанат күйеуінен жаңа жылға сыйлық алған. Келген қонақтарды да шығарып салар алдында оларға иіссу сыйлайды. Сол кезде Қуандық ашуланады. “Мен сатып алған сыйлықтарға иелік етуге қандай құқыларың бар? Мен сатып алдым, мен сыйлаймын”, дейді. Ата-анасы оған ескерту жасаған кезде Қуандық “шаруаларың болмасын” деп сөз қайтарады. Әкесіне “бәріне сен кінәлісің, менің өмірімді де, анамның өмірін де құрттың” деп ашуланады. Анасы оны тыныштандыруға тырысқанымен оған да дөрекі сөздер айтады.
Мұның бәрі 12-ге таяғанда болды. Жаңа жылға 15 минут қалғанда ол сыртқа шығып кетті. Біз оның алғашқы некеден туған ұлымен сөйлесіп, бәрін жуып-шайып, көңілді орта жасағымыз келді. 12 болғанда Салтанат екеуіміз ата-анамызға хабарласып, жаңа жылмен құттықтадық. Анам “Қуандық қайда?” деп сұрағанда олардың көңіл-күйін түсірмеу үшін “оған біреу хабарласып қалды, далаға шығып кетті” деп айттық. Сөйлесіп болдық. Мен әкелген сыйлықтарымды беруге кірістім. Оның ішінде үш балаға арналған сыйлық та болды. Олар сыйлықтарын ашып жатқан кезде Қуандық ішке кіреді. Шамамен 12-ден 15 минуттай кеткен еді. Ол өзінің рұқсатынсыз балаларына сыйлықты ашуға рұқсат берілгеніне тағы ашуланып, “сендер мені ойламайсыңдар, қандай құқықтарың бар” деп балаларға, ата-анасына тағы да ашуланды. Мен ары қарай достарым күтіп отырғанын айтып, кетейін дедім. Сол кезде Қуандықтың анасы мені құшақтап “кешір мені, кешір бізді” деп жылайды. Мен анасына жаным ашып кетті “бәрі жақсы, алаңдамаңыз” деп кетіп қалдым, – дейді Нүкенованың ағасы.
1 қаңтар күні ағасы мен қарындасы телефон арқылы сөйлескен.
Мен кеше не болғанын, бәрі қалай аяқталғанын сұрадым. Ол Қуандық үстелді ыдысымен, тамағымен төңкеріп жібергенін айтты. Мен “осының бәрі сыйлық үшін болып жатыр ма” деп таңғалдым. Ол “иә, сондай боп тұрады" дейді. Содан кейін олар ары қарай Алматыға, ары қарай Грузияға балалармен демалысқа кетті, – деді Айтбек Амангелді
Еске салсақ, қаза тапқан Салтанат Нүкенованың қанынан есірткі заттары табылған жоқ.
Прокурор Айжан Аймағанова мәйітке жасалған сот-медициналық сараптама Салтанат Нүкенованың қанынан 1,5%-тен аз мөлшерде спирт болғанын анықтады. Ол ағзаға шамалы ғана әсер етеді.
Нүкенованың ішкі ағзаларын химиялық-токсилогиялық зерттеу кезінде есірткі, дәрілік және психотроптық заттар табылған жоқ. Қуыққа талдау жүргізгеннен кейін есірткіге сынама жасалды, ол да теріс нәтиже көрсетті, - деді Айжан Аймағанова.