«Абайды өзіміз танымай жатып, адамзатқа телиміз»: Қойшығара Салғараұлы ақын мұраларын иегрмегенімізге қапалы

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
604

Белгілі тарихшы Қойшығара Салғарұлы Жамбыл Зейнолланың «Qasqa Jol» бағдарламасында сұхбат берді, деп хабарлады  Мadeniportal.kz.

Тарихшы бұл жолы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай мерекелік іс-шараларға байланысты ойын айтты.

«Төле би тоғыз жасынан дейді, Әйтеке он үш жасынан, Қазыбек он төрт жасынан төбе билікке шыққан. Төбе билік деген сол кездегі жоғарғы сот. Осы сананы, интеллектіні Құдай берген. Адам болам десең істелмейтін дүние жоқ. Қазіргі балалармен осылай сөйлесу керек. Мектептегі кездесулерде осыны айту керек. Құр барып сұмдық, данышпан деу қате. Қазір Абайды өзіміз танымай жатып, адамзаттың Абайы дедік. Кез-келген адамнан Абайды сұрасаң білмейді, өлеңін білесің бе десең жай аузын қайыра салады. Бұрын той-томалақтан естіп жүрген, не болмаса мектептен үйренгенін айтады. Ал мәселе оның өлеңін жатқа білуде емес, оны тануда ғой. Мысалы Абайдың абайлығын Мүрсейіт қолжазбасынан көруге болады», - деді Қойшығара Салғарұлы.

Сонымен қатар тарихшы басқа да жазушыларды танытқан Абайдың қолжазбалары екенін келтірді.

 

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...