Меркіде көз жұмған келіншектің өліміне қатысты сараптама қорытындысы дайын болды

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
395

«Барни ісі» бойынша жүргізілген сараптаманың қорытындысы дайын болған. Осыған байланысты журналист Жан Ахмадиев арнайы Тараз қаласына барғанын мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында іс бойынша жаңа деректер бар екенін айтып, оларды көпшілік назарына ұсынатынын жеткізді.

Іс Жамбыл облысында 19 жастағы Мадина Рашидқызының қазасына қатысты болып отыр. Журналист бұған дейін де марқұмның өліміне байланысты істің мән-жайын көтеріп, оның отбасының мәселесіне назар аударған.

«Барни ісі» бойынша сараптама қорытындысының дайын болуы тергеу барысындағы маңызды кезеңдердің бірі саналады.

Айта кетейік, Меркіде 19 жастағы келіншек өзіне қол жұмсаған. Бірақ туыстары бұл шешіммен келіспейді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бұрынғы депутат Бақытжан Базарбек ауыр жол апатына түскен Нұржігіттің ауруханада ес жиып, аяққа тұрғ...

Шоу-бизнес

Астанадағы тойлардың бірінде Самат Есенұлы деген азамат “шақырылмаған тойдамыз” деген ви...